Овсянникова Путинді қоғамнан оқшаулауды талап етті
«Құрметті ФСИН қызметкерлері! Мұндай кісенді Путинге киіңіздер. Ал мені қоғамнан оқшаулап, соттаудың қажеті жоқ», — деді Бірінші арнаның бұрынғы редакторы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Овсянникованың күйеуі жұбайы үй қамауынан қашып кеткенін, ал ІІМ-де оның іздеу картасы пайда болғанын айтқан болатын.
Бір қызығы, бүгін Басман соты журналисті тұтқындаудан бас тартты. Рас, оның адвокаты айтқандай, бұған өзіндік себептер болған: прокурор процеске келмеді, тергеуші сотталушының өзін отырысқа жеткізбеді.
Бұған дейін Овсянникова Басман сотына үй қамауында отырмайтынын және одан «өзін босататынын» мәлімдеген еді.
Фото: svoboda.org