Қазақстанның қоғам белсендісі Зеленскийді Нобель сыйлығына ұсынды
Қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынұлы facebook парақшасында Нобель сыйлығына үміткер Украина Президенті Владимир Зеленскиді қолдап, жазба жариялады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! Әлемдегі ең беделді Нобель сыйлығын ертең Швед ғылым академиясы лайықты тұлғаларға табыстайды.
Соған байланысты Еуропарламенттің бір топ депутаттары мен саясаткерлері тәуелсіз Украина халқының ержүрек президенті В.Зеленскийді Нобель сыйлығына үміткер ретінде ұсынып үндеу жасағанын білеміз.
Швед академиясының комитетіне жазылған үндеуде:
«Дәл қазір және бүкіл әлемде демократиялық көзқарастағы азаматтар Украина халқын агрессордан қорғау Һәм қолдау үшін не істей аламыз?-деп сұрақ қояды.
Біз қазір Украина халқына бүкіл әлем олардың жағында екенін көрсететін уақыт келді деп санаймыз».
Сонымен қатар біз ұлт батыры В.Зеленский мен Украина халқы Нобель сыйлығына лайықты деп есептейміз және Украина президентінің кандидатурасын басты үміткер ретінде қарастыруды өтінеміз! — делінген.
ОСЫ ҮНДЕУГЕ ТОЛЫҚТАЙ ҚОСЫЛА ОТЫРЫП,БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ДЕМОКРАТИЯҒА КЕПІЛ БОЛҒАН УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ МЕН ҚАЙСАР ХАЛҚЫН ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАМЫН!
Құрметпен Тұрарбек Құсайынұлы
(Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді!)