«Канело»-Головкин трилогиясы: допинг нәтижесі шықты

0

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің (58-2-2, 39 КО) үшінші айқастан кейін тапсырған допинг тесттерінің қорытындысы шықты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Боксшылар допингке қарсы VADA  ерікті қауымдастығының тестін тапсырды. Қарсыластар трилогия алдында WBC ұйымының «таза бокс» бағдарламасы аясында VADA-мен келісімге қол қойған.

«Канело» Альварес пен Геннадий Головкинді VADA тестінен сәтті өткенімен құттықтаймыз», — деп жазыпты допингке қарсы ұйым Twitter желісінде.