Ресей депутаты Қазақстанға ескерту жасады
Мемлекеттік Думадағы партия фракциясының жетекшісі Сергей Миронов Қазақстанда орыс этностарына қысым көрсетіліп жатқанын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Оңтүстіктегі көршімізбен жақсы қарым-қатынастың Ресей үшін қаншалықты маңызды екенін айтпасқа болмайды. Дәл сол себепті Қазақстандағы русофобияның кез келген көрінісі біздің қоғамда өткір реакция туғызады. Бізге қарсы үгіт-насихат жасағандардың жағдайы қалай аяқталғанын бәріміз білеміз. Қазақстанда Z және V белгілеріне тыйым салынды. Бұл енді бейтараптық емес»,—деді ол.