АҚШ президентінің экс-адвокаты сотталды
АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы жеке адвокаты 3 жылға сотталды. Майкл Коэн Конгресске жалған ақпарат берді, сайлау кампаниясын қаржыландыру жөніндегі заңды бұзды, салықтан жалтарды деп айыпталды.
Тергеу мәліметі бойынша, Коэн екі әйелге Трамппен ашыналық қарым-қатынасын жасыру үшін 130 мың доллар пара беру ісіне қатысқан. Екіншіден, ол Конгресске АҚШ президентінің Мәскеудегі құрылыс жобасы жөнінде жалған ақпарат берген.
Прокурорлар АҚШ президенті әйелдерге ақша беру жөнінде Коэнге тікелей өзі тапсырма берген деп есептейді. Сонымен бірге мемлекеттік айыптаушылар екеуі де сайлау кампаниясын қаржыландыру жөніндегі заңды бұзды деп санайды. Заңға сәйкес төлем жүргізу ашық болуы керек әрі адам басына 2700 доллардан аспауы тиіс.
52 жастағы Коэн екі айып бойынша да кінәсін мойындады.
Дональд Трамп болса бұл іске қатысты өзінің айыбын мойындамайды. Оның адвокаты Руди Джулиани екі әйелге ақша төлеу беделін түсірмеу үшін жұмсалды деп есептейді.