Сарымсақ сусынының пайдасы
Сарымсақтың сан түрлі қасиеті бар екені көпшілігімізге аян. Ол тәннен, ішкі ағзалардан және тыныс алу жолдарынан зиянды бактерияларды, ішек паразиттерін шығарады, қан қысымын төмендетеді, оның үстіне түйіндердің дамуына тосқауыл қояды. Сарымсақ обырға қарсы және антиоксиданттық қасиетке де ие.
Бір түйір сарымсақта 400-ден астам пайдалы заттар бар, ол организмдегі нашар холестерин деңгейін төмендетеді, тамырларды тазартады, мультиморфты глиобластома (ми обырына себепші) жасушаларын жояды, күл, туберкулез таяқшасын және хеликобактерді (асқазан ойық жарасына себепші) жояды, құрттарды шығарады, т.б.
Ендеше назарларыңызға көптеген аурудың алдын алатын сарымсақ сусынын ұсынамыз:
Бөтелкеге әрқайсысы төрт бөлікке бөлінген 12 түйір сарымсақ саламыз. Үстіне 3 құты қызыл шарап құямыз. Ыдысты жауып, терезе алдына, күн түсетін жерге 2 апта қоямыз. Күн сайын 2-3 рет шайқап тұрамыз. Содан кейін сүзіп алып, күңгірт бөтелкеге құйып қоямыз.
Осы сусынды 1 шай қасықтан күніне 3 рет 1 ай бойы ішеміз. Дәрмек тәндегі тұздарды шығарады, еңбек қабілетін арттырады, қанды тазартады, организмді сергітеді. Жүректі өте жақсы күшейтеді, зат алмасуын жақсартады. Әйел сырқаттары мен қабынулары кезінде аса пайдалы. Организмді зиянды қалдықтардан зардапсыз тазартады.
Дереккөз: http://reactor.inform.kz