Мейрамханадағы атыстан бір адам көз жұмды

0

Бұл туралы сәрсенбіде News Bomb порталы хабарлады. Алдын ала деректер бойынша, оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан. Ал өз кезегінде Protothema  газеті күдіктінің қылмыс орнынан мотоциклге мініп ізін суытқанын жазды.

Куәгерлердің айтуынша, киллердің бірі адамды басынан атқан. Мерт болған — Албания тумасы. Құқық қорғау органдары келеңсіз жағдайды тексеруде. Басылымның болжамынша, қылмыстық топтардың өзара есеп айырысуы адам өліміне ұшыратқан. Бұдан бұрын хабарланғандай, Францияның Страсбург қаласының орталығы Клеберде ұйымдастырылған жәрмеңкеге жақын маңда болған атыс салдарынан адамдар көз жұмды.   

Дереккөз: ҚазАқпарат