Ресейлік телеарналар Қазақстанда хабар таратуын тоқтататын болды

0

«Билайн» компаниясы Қазақстан аумағында ресейлік ақпараттық телеарналардың трансляциясын тоқтату туралы шешімге келді. Бұл ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды.

5 қазаннан бастап олар еліміздің аумағында көрсетпейтін болады.

«Дом кино», «Победа»,«О!», «Первый канал СНГ», «НТВ МИР», «Карусель International», «Россия 24»,«Музыка Первого», «РТР Планета», «Время: далекое и близкое», «Телекафе», «Поехали», «Дом кино Premium HD», «Бобёр»,«Россия К» арналары көрсетпейді», – делінген хабарламада.

Олардың орнын «Еврокино», «Любимое Кино», «1HD music» және «Еда Премиум HD» арналары баспақшы. Компанияның бұл қадамға не үшін барғаны нақты белгісіз.