Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

0

Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институты ұйытқы болған аталмыш шараның діттегені – әйелдердің теңдігіне, қауіпсіздігі мен бостандығына қатысты құқықтар мен қағидаларды жан-жақты талқылау, нақты шаралар қабылдау.

Нәзік жандылардың лайықты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау, құқықтық сауаттылықты арттыру орайында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу де осы акция аясында қарастырылды.

 – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлемнің барлық аймағында таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі тек нәсілін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана ғана қатысты емес, яғни басқа жағдайлардан да туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алмай келеді. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Қыздар университетіндегі 16 күнге созылған акцияда жалпыуниверситеттік дөңгелек үстелдер, ақпараттық-танымдық дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Дереккөз: http://egemen.kz/