Тұмауды емдеудің әлемнің әр еліндегі ерекше тәсілдері
Тұмауды емдеудің әлемдегі ерекше тәсілдерін білесіз бе? Олар сізді таң қалдыруы мүмкін! Бүгінгі материалда тұмаудан, басқа да жедел респираторлық-вирустық инфекциялардан қалай қорғану керек екенін айтамыз.
1. Оңтүстік Африка халқының ерекше «антибиотигі»
Сарымсақ — Оңтүстік Африка халқы үшін тұмауды емдейтін ең жақсы антибиотик. Олар тұмау тисе, ішіне көп мөлшерде сарымсақ қосып сорпа әзірлейді.
Африкалықтар куркума қайнатылған судың буын жұту, иіскеу тұмауды жазады деп сенеді. Ал жөтелді бұрыш пен балдан жасалған шәрбатпен емдейді.
Адамның қызуы көтерілсе пиязды дөңгелектеп кесіп табанына қояды. «Сыртынан шұлық киіп ұйықтасаң, таңертең сергек әрі аурудан құлан таза айығасың» деп ырымдайды.
2. Финляндияның «спирт шұлығы»
Тұмау кезінде денені спиртпен ысқылау, компресс жасау тәсілін білетін боларсыз. Ал фин халқының «спирт шұлығы» туралы естідіңіз бе? Олар жылдам емделу үшін шұлықты спиртке батырып киеді. Спирт ұшып кетпеуі үшін сыртынан тағы бір қалың шұлық киіп, жылы оранып ұйықтайды.
Финляндияда тұмауды суықпен емдеу терапиясы да бар. Фин халқы бұл әдіс үшін көбіне балмұздақты таңдайды. Егер өзін бұдан кейін жайсыз сезінсе, көбірек қозғалып, спортпен де шұғылдануды жөн санайды.
3. Қытайдың халық медицинасы
Қытай медицинаcының мыңдаған жылдық тарихы бар. Соның ішінде қылша (мухуанг) — ең көне дәрілік өсімдігі. Дегенмен оны қолдану әлемнің бірнеше елінде тыйым салынған. Өйткені қылшадан әзірленген дәрінің көп дозасының әсері — есірткімен тең. Бірақ Қытайдағы халық суық тию мен бас ауруын емдеу үшін осы шөпті әлі де қолданады.
Бұдан бөлек, тұмауды «ақ гүлдің майымен емдеу» әдісі де кең тараған. Бұл — үйде өсірілген камфора, ментол, эвкалипт, лаванда және бұрыш майларынан алынған қоспа. Оны кеуде аймағына, мұрынға жағуға болады.
4. Қалай дұрыс емделу керек?
Статистика бойынша адам жылына орташа есеппен 21 күн тұмаумен ауырады. Егер адамның өмір сүру ұзақтығын орташа есеппен 78,5 жас десек, онда тұмаумен 4,5 жыл ауырады екенбіз. Ал бұл жылдарды ауырып емес, өмірдің түрлі қызығын тамашалап өткізуге болар еді. Адамдар көбіне ауырып ем іздейді, негізі ауырмайтын жолды тапқан жөн. Сол себепті денсаулығыңызды, алтын уақытыңызды ауруға бермес үшін тұмаудың алдын алыңыз.
Вирусқа қарсы «Кагоцел» препараты респираторлы вирусты инфекциялардан қорғап, иммунитетті нығайтады. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері «Кагоцелдің» тұмаудың, басқа да жедел респираторлық-вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) қаупін және асқынуын 3-5 есе төмендететінін көрсетті. Аурудың алдын алу курсы аяқталғаннан кейін де препараттың оң әсері бір айдан төрт айға дейін сақталады.
«Кагоцелді» ересектерге, жасы үштен асқан балаларға да қолдануға болады. Көптеген клиникалық зерттеу препараттың балаларға, ерексектерге қарсы реакцияларының болмағанын дәлелдеді.
Егер ауырып қалсаңыз, минералды су, морс немесе лимон қосылған ашық шайды көбірек ішіңіз, алғашқы үш-төрт күн төсекте жатып емделіңіз. Вирусқа қарсы «Кагоцел» препаратын тұмаудың немесе жедел респираторлық-вирустық инфекциялардың алғашқы белгілері пайда болғанда бірден және аурудың басталған күннен бастап төрт күнге дейін кешіктірмей қолданған дұрыс. Бөлмені жиі желдетіп, таза ауа кіргізіп отыру керек. Бұл ауырып жатқан адамның иммун жүйесіне оң әсер етеді.
Дегенмен нақты диагнозды дәрігер ғана қоя алады. Жедел респираторлық-вирустық инфекцияларды емдеумен арнайы маман айналысуы керек: көп жағдайда терапия (алдын-алу шаралары) аурудың белгілері мен деңгейіне байланысты болады. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде алдымен арнайы маманның көмегіне жүгініп, алдын алған жөн.
Дереккөз: Baribar.kz