Инфляция деңгейін өлшеу | Скачать Материал

0

Евразия академиясы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны

Орындаған: Кулжанов Нурбек
Тексерген:

Орал, 2011ж.

Жоспары

І. Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері
ІІ. Бөлім. Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама
концепциялар
2.1 Инфляцияның түрлері
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар
Қорытынды бөлім
Пайдаланылатын әдебиеттер

Кіріспе
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының
қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс ақшы айналымы кезінде инфляция болмайды, неге
десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі
болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша
айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек
белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор
сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылды. Қор ретінде қағаз
ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,
айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды
арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды
көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10%-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды.
Керісінше белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын
жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды
көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі. Бұл, өз
кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға
тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді.
Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және
нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде
бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп,
кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ, 10% тең асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе
гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар
деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады,
өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады.
І Бөлім. Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1. Инфляцияның мәні және оны өлшеу

Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі
тауар рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі.
Яғни, инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан
сәйкессіздік. Жеке тауар рыногында сұраным ұсынымнан артық болса, тауарға
баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инляцияны
қалыптастырмайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде, сұранымның артуынан
қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға
деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс товар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың
монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдаятына
(конъюнктурасына), сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және
басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген
себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез-келген өсуі де инфляция емес.
Сондықтан, жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны
қалыптастыратындарын анықтап алу қажет.
Айталық, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың
өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі
төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек
өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта шығын инфляциясы
деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Инфляция деңгейін өлшеу. Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді.
Есімізге түсірелік, жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады.
Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (
2001 ж ) баға индексін алдыңғы жылдың ( 2000 ж ) баға индексінен шығарып,
айырмасы алдыңғы жылдың ( 2000 ж ) баға индексіне бөліп, содан кейін оны
пайыз түрінде шығару керек 100-ге көбейтеміз.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері

Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға
байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып
көрелік.
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан
диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет
Бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің
несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда
бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруына
әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру, жоғарыда
айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса,
түптеп келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы
күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуі ХХ ғасырда нарықтың
құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық ХІХ ғасырдағы нарық
түріне тіпті ұқсамайды.
ХІХ ғасырдағы нарықта негізінен өзара толық бәсекелі тауарлар
сатылатын. Бұл тауарларды көптеген өндірушілер өзара еркін бәсеке негізінде
өндіріп сататын, салалық және салааралық бәсеке жағдайы болған, капитал
кедергісіз бір саладан екінші салаға ауысатын еді. Қазіргі рынок – көбінде
олипология түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар ( тауар өндірушілер,
ұсынушылар ) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне
бағаны өзі белгілей алады. Фирма олипология бағаның өсуін қолдамаса да оның
деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты
болуына мүдделі. Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайды бұзып алмау
мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға
тырысады.
Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы
олипологиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны
мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап алуға ұмтылады. Төртіншіден, ұлттық
экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүние жүзілік шаруашылық
қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші
елге ауысу қаупі артады.
Инмпортталған инфляциямен күресу мүмкіншіліктері де шектеулі
келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырыпимпортты арзандатуға
болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем
нарығындағы өнімділігі кемиді. Бесіншіден, инфляцияны тосу деген
жағдайға байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді.
Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, инфляцияны тосу
психологиясын жеңі антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп
анықталады.
Инфляцияны тосу механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе
мынадай: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта
төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар
олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды.
Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.
Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін
болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін
инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді.
Нәтижесінде, бағалар сұраным көлемі анықтайтын деңгейден сатып,
инфляцияны тосу деңгейіне көтеріледі. Инфляцияның себептері сан қилы,
бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады.
Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде
тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс
елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекен шығындарының өсуі, баға –
еңбекақы , инфляциялық тосу , инфляцияның бір елден екінші елге
ауысуы және басқалары болды.
ІІ. бөлім. Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар
2.1. Инфляцияның түрлері
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс
кезінде мемлекен өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп
мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі – үш онжылдықта көптеген елдерде
инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика
теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейіністіжақтаушы экономистер
инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор
ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлкеттің бірден – бір тиімді
саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді.
Баяу инфляция саясаты өндіріс пен нарық ( сұраным ) жағдайларының
өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция ( бағалардың жылына 20 % — 200 % — ке дейін өсу түрі
) – экономика үшін өте қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі
қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан
жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны
айналымға шығарылған ақша көлімінің өсуінен көп сес артып кетеді.
Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын
фабрикалар аптасын тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша
көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті — MV=PQ қолдана отырып … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz