«Ұйғыр ауданының атауы өзгертілсін!» — жергілікті тұрғындар Тоқаевқа үндеу тастады (ВИДЕО)

0

Алматы облысы, Ұйғыр ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу тастап, аудан атауын өзгертуді талап етті. Бұл туралы Kznews.kz тілшісі хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы сілтеме жасап.

«Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз Ұйғыр ауданы атауының ауысуын жоғары биліктен заңды түрде талап етеміз. Біздің мақсатымыз — ұлтаралық қақтығыс туғызу немесе екі ұлт арасында от салу емес. Біз тек осы уақытқа дейінгі Амандық Баталов сияқты әкімдердің аудан атауын ауыстарымыз деп берген уәделерінің орындалғанын қалаймыз! Қазақ — қонақжай халық. Бірақ, қонағымызды төрге шығарғанымызбен басымызға шығармаған халықпыз. Егер ұйғыр ұлты осы елді өз Отаны санаса, су ішкен құдығына түкірмейтін халық екені рас болса, осы аудан атауының қазақшалануына бірге үлес қоссын!», — дейді жергілікті тұрғындар.