Назарбаев Астана атауын қайтаруға қарсы болмады – Ертісбаев
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың елордаға Астана атауын қайтаруға қарсы болмағанын айтты.
– Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың елорда атауын өзгертуге мүлдем қарсы болмағанын білемін. Ол елордамыздың негізін қалаушы, сәулетшісі ретінде Астанаға атау берді, бұл оның бастамасы болды және ол ұзақ уақыт бойы елорданың атын өзгертуге қарсы болды. Назарбаевтың бұл туралы айтқан сөздері бар. Осы тұрғыдан алғанда, бұл күтпеген шешім емес екенін тағы да атап өткім келеді, – деп мәлімдеді Ертісбаев.
Еске салайық, 2 қыркүйек күні Мәжіліс депутаттары сайлауға дейін жеті жылдық президенттікті енгізіп, Астана атауын қайтаруды ұсынған болатын.