«Назарбаев Елорда атауын қайта өзгертуге қарсы емес»
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Елордаға Астана атауының қайта берілетініне қарсы болған жоқ, деп мәлімдеді Қазақстан Халық партиясының Төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.
Бұл туралы Kznews.kz порталы Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың мүлдем қарсы болмағанын нақты білемін. Себебі 2003 және 2004 жылдары қаламыздың, елордамыздың негізін қалап, көркейтуге тырысты. Тіпті бір кездері Астана атауын өзгертуге де қарсылық білдірген еді. Бұл ойының барлығын ашық жеткізген ой-пікірлері YouTube арнасында бар», — деп мәлімдеді Ертісбаев.
Фото: rus.azattyq.org