Назарбаев зияткерлік мектебіне Қаныш Сәтбаевтың атын берген жөн – Сейдахмет Құттықадам

0

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам Назарбаевтың атын тек қала емес, барлық жерден алып тастау керек дейді.

Айтуынша, Назарбаевтың атындағы қаланың аурасы ауыр болып кеткен.

– Қолдаймын. Себебі Нұр-Сұлтан деген атау – ауыр. Біздің қалаға да, елге де. Астана деген ат қалады. Нұрсұлтанның атынан таза арылу керек. Әуежай, мектеп аттарын да өзгерту керек. Нұрсұлтан атауын көтере алмайтын жағдайға жеттік, – дейді саясаттанушы

Ол Парламент мүшелері, депутаттарымыз жалпы өздерінің баяғы әдеттерін қоюы керек деген пікірде.

Сонымен қатар Назарбаев зияткерлік мектебінің атауын да жойып, оған Қаныш Сәтбаевтың атын берген жөн деп есептейді.

– Менің ойымша, бұл жерде Назарбаев зияткерлік мектебі атауының орнына Қаныш Сәтбаевтың атын беру керек. Академияны қайта құру керек, – дейді Сейдахмет Құттықадам.