GGG мен Канело салмақ өлшеу рәсімінен өтті

0

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) Лас-Вегастағы трилогия алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

© Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Екінші орташа салмақтың шегі — 168 фунт (76,2 келі). Таразыда қазақстандық 167,8 фунт, ал Мексикадан келген қарсыласы 167,4 фунт көрсетті.

© Facebook/Gennadiy Golovkin

Головкин мен Альварес дивизиондағы абсолют әлем чемпионы атағын: боксшылар IBF, WBA Super, WBO және WBC титулдарын сарапқа салады.

Бәсекелестердің үшінші айқасы тағы да T-Mobile аренасында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша жекпе-жек 18 қыркүйекте, жексенбіде таңертең өтеді және Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Бокс кешінде тағы бір қазақстандық жұдырықтасады — Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) және Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) салмақ өлшеуден өтті. Қазақстандық салмақ өлшеу кезінде 167,8 фунт, ал америкалық қарсыласы — 167,6 фунт көрсетті.

Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақтағы екі белбеу — WBC Silver және «Солтүстік Америка» IBF чемпионы белбеуі сарапқа салынады.