«Нұр-Сұлтан қаласының әкімімін»: Көлгінов астананың атын өзгертуге қатысты пікір білдірді

0

Елорда әкімі Алтай Көлгінов елорданың бұрынғы атауы – Астананы қайтару туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді.

Бұл туарлы kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Шенеунік «әр тарихи кезеңге құрметпен қарауды» ұсынды.

«Біреу Целиноградта туып өсті, біреу Ақмолада, мысалы, менің балаларым Астанада дүниеге келді, қазір мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімімін, сондықтан әр кезеңге үлкен құрметпен қарау керек» деп жауап берді ол журналистер сұрағына.

Көлгіновтың айтуынша, қазір ең бастысы – қоғамдық пікір.

2022 жылдың шілдесінде журналист әкімнен шенеунік ретінде емес, қала тұрғыны ретінде Астана мен Нұр-Сұлтанның бірін таңдауды сұраған.

«Нұр-Сұлтан. Өйткені мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімімін» деді ол.

Әкім 2019 жылы Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуге 30 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалғанын нақтылады. Қазір құжаттаманың басым бөлігі цифрлық форматта дейді Көлгінов. Сондықтан шығындар әлдеқайда аз болады. Қалай болғанда да, Нұр-Сұлтанның Астана болуын қазақстандықтар өз қалтасымен көтереді.