атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бұл Григориан күнтізбесінде 347-ші күн. Жыл соңына дейін 18 күн бар.
13 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
13 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Аю күні аталып өтеді. Бұл аң ертегі-аңыздарда жиі кездесетінін ескерсек, төл мерекесінің пайда болғанына қатты таңғалуға болмас. Ертегілерді оқып отырғанда, көз алдымызға мейірімді, аңқау, епсіз аң елестейтіні жасырын емес. Алайда аю күші көп, өте қауіпті аң. Қарсы алдындағы адамға тап беруі әбден мүмкін. Өкінішке қарай, бүгінде әлемде аюдың тек 7 түрі қалған, олардың барлығы мемлекеттік деңгейде қорғалады.
Мальта халқы бүгін Республика күнін тойлайды. Аталған мереке маңызды мемлекеттік күндердің үштігіне кездейсоқ еніп отырған жоқ. Мальта тарихының бетбұрысты кезеңі нақ осы датамен байланысты – британиялық монархияның сыртқы басқаруынан босауы, республикалық құрылыстың орнауы және елдің алғашқы конституциясының қабылдануы. Британдықтардың аралдан толығымен кетуін тағы бес жыл күтуге тура келсе де, 1974 жылдың 13 желтоқсанында Мальта алғаш рет өзін дербес мемлекеттік субъект ретінде жариялады.
Сондай-ақ, бүгін ішіп-жегенді жасы көретіндердің күні немесе Қарын мерекесі. Қыстың суық кешінде өзіңізге дәмді ас дайындаңыз немесе мерекені сылтауратып жақсы мейрамханаға барыңыз.
13 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1642 жылы Жаңа Зеландия ашылды;
1903 жылы балмұздаққа арналған конус пішін патенттелді;
1957 жылы КСРО пионерінің салтанатты түрде беретін уәдесінің мәтіні ресми түрде бекітілді;
1971 жылы «Джентльмены удачи» комедиясы киноэкранға шықты.
13 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1942 жылы Павлодар тарихи-өлкетану мұражайы құрылды;
1993 жылы Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қосылу туралы шешім қабылдады;
1995 жылы Сауд Арабия Корольдігінде Қазақстанның елшілігі ашылды;
2009 жылы Таразда халықаралық стандарттарға сай теннис корттары ашылды.
13 желтоқсанда әлемде туған танымал тұлғалар
1902 жылы кеңестік жазушы, журналист, сценарийші Евгений Петров өмірге келді. 1938 жылдан бастап «Огонек» журналының бас редакторы;
1930 жылы кеңестік театр және кино актері, РКФСР халық әртісі Николай Рыбников өмірге келді (фильмдері: «Весна на Заречной улице», «Девчата»);
1944 жылы кеңестік және ресейлік режиссер, жазушы, сценарийші Александр Стефанович туды. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері (2003). Алла Пугачеваның екінші күйеуі;
1975 жылы америкалық музыкант, вокалист және «blink-182» тобының гитарашысы Том ДеЛонг дүниеге келді.
13 желтоқсанда Қазақстанда кімдер туды
1923 жылы жазушы Әскен Нәбиев дүниеге келді;
1924 жылы түркітанушы, профессор, Қазақстан ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әбдуәли Қайдар өмірге келді;
1969 жылы кеңестік, қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, бірқатар әндердің авторы Мұрат Насыров туды;
1980 жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Бүгін өте жауапты күн, сіздің тағдырыңыз шешілуі мүмкін. Болмашы нәрседен ұрыс-керіс шығып, түсініспеушілік болуы да ғажап емес, бірақ сіз барлық проблеманы оңай шешесіз. Сондай-ақ, махаббатқа толы күн.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/