Екінші рет тұрмысқа шыққан Тамара ханым қызы Ажардың 1 жас тойын, тұсау кесер рәсімін дүркіретіп өткізді. Өнердегі әріптестері де қаптап жүр.
Әнші той барысында қалай тұрмысқа шыққаны жайлы дүйім жұрттың алдында айтып берді
– Үйленем деді ғой дим, мен де дәмеленіп жүре бердім. Шыныменде жеті күн дегенде қолыма сақина салған бірінші қазақтың азаматы болды. Бұл кісі ешқандай сөйлескен жоқ. Свидания, ресторан ештеңе болған жоқ, бірден қатын болдым. Сондықтан, сол өшімді алу үшін, осындай күшті тойларды жасай берейік деп тұрмын да, – деп тойға келген қауымға ағынан жарылды.
Айта кетейік, Тамара Асар Жұмаш есімді азаматқа тұрмысқа шықты. Қазіргі таңда екеуінің Ажар есімді қыздары бар.