Зарина Омарова күйеуінің 7 млн-ға тон алып бергенін айтып, мақтанды
Әнші Зарина Омарова күйеуінің құны жеті млн теңге тұратын тон сатып алып бергенін мақтанышпен айтып берді деп хабарлайды «Алматы» арнасындағы «Әңгіме болсын» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Ең қымбат киімім сырт киім шығар. Оның бағасын айтсам, ұят болатын шығар. Бірақ маған үлкен киімдерді күйеуім алып береді. Шубам (тон) — жеті млн теңге. Енді ол киімді бір алып, біраз уақыт киіп жүремін», — деді Зарина Омарова.
Сондай-ақ әнші бір киімді көп кимейтінін жайып салды.
«Негізінде бір киген нәрсемді қайтадан кимеймін. Алайда, біраз уақыттан кейін халық ұмытады ғой. Сол кезде қайта кие бастаймын. Бұл бір құпиям», — деп күлді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Зарина Омарованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар