Сарбаз Бекбол Мираштың өліміне күдікті ұсталды
Істі ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр.
Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара бөліміндегі әскери қызметкердің өліміне қатысты күдікті ұсталды.
ҚР ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі басқармасының әскери қызметкері, қатардағы жауынгер Б.Мираштың қайтыс болуы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр. ҚК-нің 451-бабының 2-бөлігі бойынша – ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеуіне байланысты тергеудің барысы мен қылмыстық істің мән-жайлары туралы толығырақ ақпарат берілмейді.