Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының жұмыс сапасы 17,8 балды құрайды
Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыру үшін жыл сайын «Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың» «Мемлекеттік органдардың ашықтығы» бағыты бойынша басқарма «Ашық Үкімет» порталындағы «Ашық деректер» бөлімі бойынша облыста үйлестіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Бүгінгі күні «Ашық деректердің» интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысының ашық деректер жиынтығының тізбесі жасақталған. Ол 62 негізгі жиынтықтан және 22 қосымша жиынтықтан тұрады.
«Ашық деректер» критерийі бойынша деректердің өзектілігіне тұрақты мониторинг, түсініктемелермен жұмыстар және қосымша жинақтарды анықтау бойынша «Ашық диалог» интернет-порталы арқылы сауалнамалар мен интернет-конференциялар, IT-компаниялармен кездесулер іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі.
2021 жылдың қорытындысы бойынша осы бағыт та тиімділікті бағалау 17,8 балын құрады. Негізгі шекті балл 18-ді құраған болатын.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында кері байланысты қалыптастыру үшін азаматтардың сындарлы сауалдарына жедел және тиімді ден қою үлгісі — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу қажеттілігі атап өтілді. Бұл идея мемлекеттік аппараттың халықтың сұранысына деген сезімталдығын арттыруды, яки билік пен қоғам арасындағы коммуникациялардың үздік технологиялары мен тәжірибелерін әзірлеуді көздейді.
Мемлекеттік органдар қызметінің басты міндеті өз азаматтарының қажеттіліктерін сапалы орындау болып табылатын сервистік мемлекет қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс.