Әлихан Смайылов Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру бойынша тапсырма берді

0

Әлихан Смайылов Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру бойынша тапсырма берді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске қатысушылар арнайы экономикалық аймақ құру, қала құрылысы құжаттарын әзірлеу шараларын және инвестициялық резидент мәртебесін беру мәселелерін қарады.

Премьер-Министр «G4 City» қаласын дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын бекіту мерзімдерін жеделдетуді тапсырды.