«Балама әке болған түрім ғой»: Ұлымен балық аулаған Мөлдір Әуелбекова елді тәнті етті (видео)

0

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова бүгінде екі перзентін өзі тәрбиелеп, оларға әке орнын барынша жоқтатпауға тырысып жүргенін айтты. Өнер иесі ұлымен өткізген ерекше демалысынан видеоны бөлісіп, елдің ыстық ықыласына ие болды, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова перзентімен өткізген ерекше демалысының видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбада анасы мен баласының балық аулап, уақытты көңілді өткізіп жатқанын көруге болады. Эстрада жұлдызы баласын мұндай демалысқа жылына екі рет барып тұруға уәде еткен. «Ұлыма әке болған түрім ғой. Балыққа барып, қармақ ұстауды үйреніп, тез икемденіп кетті. Салтай құлыныма қатты ұнағандықтан, жылына екі рет балыққа барамыз деп келістік. Салтайға ұнағанның бәрін қолымнан келгенше жасаймын деп уәде еттім», — деп жазды ол. Желі қолданушылары бүгінде перзенттеріне ана да, әке де болып отырған әртіске тәнті болып, өз жылы лебізін білдірген. «Сіз сияқты өз баласына «әке боп жүрген мықты аналар Қазақстанда көп. Мықтысыз», «Әйел әке де, ана да бола алады», «Жандарым сол, бақытты балалық шақ тілеймін», «Ана деген бауыр еті баласы үшін бәріне барады. Бәрін жасайды», «Жарайсың, сенің қолыңнан бәрі келеді», «Біз әйелдер әке орнын да толтыра аламыз», «Осы балаларыңның рахатын көр, бақытты бол! Барлық жақсылыққа лайықсың! Бәрі жақсы болады», — деп қолдау білдірді көпшілік.