Алматы қалалық спорт басқармасының қызметкерлері 369 миллион тенге жымқырған
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Спорт басқармасының экс-басшысы мен оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала келісім бойынша 369 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады, — деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап. Сонымен қатар олар спорттық құрал-жабдықтарды жалға алу, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктарды сатып алу туралы жалған шарттар жасау және ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз аударған.
«Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлайды Антикор ресми арнада.
t.me/orda_kz
фото: ашық ақпарат көздерінен