Қажылыққа баруға ниеттенген қазақстандықтар саяхат агенттігінe алданып қалды

0

Меккеге бару үшін саяхат агенттігіне ақша төлеген қазақстандықтар алданып қалды. Қазіргі уақытта олар не ақшасын ала алмай, не қажылыққа бара алмай отыр, -деп хабарлайды Kznews.kz сайты Taunewskz  инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Олар агенттіктің қызметіне 2 миллион тенге берген. 23 билет сатып алынғанымен, олардың ешқайсысы сапарға аттана алмаған. Полиция алаяқтық фактісі бойынша тергеуді бастады.

«Билетке 4 миллион 400 мың төледік.  Бұл ақшаны жинауға туыстарымыз көмектесті. Енді оларға не айтарымызды білмейміз.  Өйткені, сапарға аттанбадық, біз де ақшаны қайтара алмаймыз, өйткені туроператор жоқ. Осы үшін Түркістаннан келгенбіз», — дейді Гудамсахи Айткожа.

Бүгін олар тағы да саяхат агенттінің кеңсесіне аттанды. Алайда ол жерде ешкім болмады. Тек бірнеше сағаттан соң «Er-Ali co» ЖШС бастығы Ерлан Абдукасимов клиенттермен байланысқа шықты.

«Қажылыққа бара алмағандарыңызға мен кінәлі емеспін. Барлық ақшаны қайтарып береміз. Мен келіскен компания келісімді бұзды. Олар қазір ақшаны қайтарып жатыр. 20 800 доллар берешек. Әзірге 10 клиентке ғана ақша қайтарылды.»,  — деді ол.

Фото: Taunewskz