«КСРО-ны қайта қалпына келтіріп, Қазақстанды басып алу жоспарында бар»

0

«Die Welt» басылымның материалында айтылғандай, ресейлік элита  КСРО-ны «қалпына келтіру» жоспарлары туралы меңзеп үлгерді.

Ел президенті Владимир Путиннің келесі агрессивті жоспарлары Қазақстан мен Грузияға байланысты болуы мүмкін.

Путин Кеңес Одағының ыдырауын тек «трагедия» ғана емес, «тарихи Ресейдің күйреуі» деп санайтынын бірнеше рет атап өтті.  «Мемлекет мың жылда жасағанынан бір-ақ сәтте айырылды» деді.  Сарапшылар Ресей Федерациясының Украинаға жаппай басып кіруі Кремль басшысының өткенге оралуға деген ұмтылысын айқын көрсеткенінің дәлелі деп санайды.

Тарихшы Карл Шлегель  Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев сынды ресейлік шенеуніктердің сөзіне мән беру керек екенін ескертті. Олар Қазақстан «жасанды мемлекет» екенін, тек Ресей ғана оны қалыпқа келтіре алады деген мәлімдемелерімен бөліскен еді.

«Бір кездері ұлы және құдіретті КСРО-ны мекендеген барлық халықтар тағы да бірге достықта өмір сүреді», — деп жазды Медведев. Сонымен қатар ол Ресей басып алған Оңтүстік Осетия мен Абхазия аумақтары Ресей Федерациясына бір мемлекет ретінде ғана біріге алатынын айтты.

Ақпарат: lenta.ru, фото: adyrna.kz