Қытай АҚШ-пен байланысын үзді

0

Бейжің АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы спикері Нэнсидің сапарына жауап ретінде АҚШ қорғаныс министрлігі мен Қытай өкілдерінің арасындағы байланысты үзді және екі мемлекеттің аймақтық әскери қолбасшылықтары өкілдері деңгейіндегі диалогты тоқтатты. Әскери ынтымақтастықты тоқтату туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚХР да теңіз қауіпсіздігі механизмі бойынша АҚШ өкілдерімен байланысын тоқтататыны хабарланды.

Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бұл елдің Тайвань тәуелсіздігін бір жақты тануға қарсы екенін айтқан.  Оның пікірінше, қақтығыс пен соғыс ешкімге керек емес. Себебі оның қауіпті салдары болуы мүмкін.

Ақпарат: lenta.ru, фото: inbusiness.kz