Әкесіне ән арнаған Нұрболат Абдуллин сахнада көз жасына ерік берді (видео)
Әнші Нұрболат Абдуллин желіде сәуір айында берген концертінен үзінді жариялап, елді жылатты. Онда өнер иесінің марқұм әкесіне ән арнап, сахнада көз жасына ерік бергенін көруге болады, деп жазады kznews.kz тілшісі.
Нұрболат Абдуллин өз ән кешінде орын алған әсерлі сәттің видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Эстрада жұлдызы көпшілік алдында әкесіне ән арнап, көз жасын тыя алмаған. «Көңілім босаған сәт. Алғашқы шығармашылық кешімде анам әкеме сүйеніп отырғанына баладай куә боп ән салған едім. Бұл жолы анамның өзін ғана көргенде әкемді жан дүниеммен іздеп кеткенім рас. Сағыныш кеудеге сыймай көмейімдегі үнімнің шығуына сәл кедергі болғанын келген көрерменде сезіп, әр сәт сайын қолдау білдіріп отырды. Бұл құрметтеріңізден өзімді тез жинап алуға тырыстым. Жақындарыңызды жақсы көріп үлгеріңіздер! Рахмет, Әке!», — деп жазды ол. Желі қолданушылары өнер иесі қолдау білдіріп, өз жылы лебізін жеткізді. «Сынба, мойыма, басыңды тік ұста, Алланың көзі түзу болсын», «Ең әлсіз жерім әке еді, жылаттың-ау, талантты інім», «Көңілім қатты босап кетті. Әкелеріміз аман болсын. Анаңыз аман болсын», «Аты мен ақылына мұрагерсің», «Жарайсың, сендей баламен мақтан тұтады», «Әкесінің мақтанышы», «Құдай қуат берсін», » Өзіңдей алтын ұлды тәрбиелеген әкеңнің жаны жәннаттық болсын!», – деп жазды желі қолданушылары.