Бір нәрсені ұмытпауымыз керек, Нұрсұлтан Әбішұлы үлкен тұлға – Даурен Абаев

0

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев журналист Нартай Аралбайұлының youtube-арнасына сұхбат берді. Сұхбатта барысында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы да сұрақтар болды, өйткені Дәурен Абаев эк-президент тұсында ПӘ-нде қызмет атқарған.

Дәурен Абаевқа «Қазір Нұрсұлтан Назарбаевты даттаудан марафон өтіп жатқан секілді. «Ол туыстарына ие бола алмады» деген сындарды шенеуніктер, депутаттар айтатын болды. Тұңғыш Президент қызметінен кеткенде жылаған Азат Перуашев күні кеше берген сұхбатында «Назарбаев қаңтар оқиғасы үшін тікелей жауапты адам» депті. Неге бұлай? Бұл екіжүзділік пе?» деген сұрақ қойылды.

«Ол бізге ғана тән нәрсе емес. Адам кетсе, жұмыстан қайтса күйіп жүрген азаматтар бар, олар өз пікірін айтады. Ол әсіресе қаңтар оқиғасына да байланысты нәрсе деп ойлаймын. Адамның эмоциялары білінеді. Бірақ бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Ол кісі 30 жылға жуық елімізді басқарды. Нұрсұлтан Әбішұлы – үлкен тұлға. Мемлекетімізге қандай жұмыс жасағанын бәрі біледі. Оның бәрі өтті. Мысалы, оның саяси оппоненттері де оны мойындайды. Елге қызмет еткенін. Сол тұрғыдан ойлау керек деп ойлаймын», – дейді Абаев.