Болат Назарбаевтың базар империясы
Тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев салыстырмалы түрде әлі тың: жасы 69-да. Жұрт көзіне көп түсуді қаламаса да, ол соңғы кездері олигархтардың аста-төк өмірін насихаттау үшін миллиондарды оңды-солды шашатындардың қатарында аталып жүр.
Болат Назарбаев ешқашан қазақстандық Forbes тізіміне іліккен емес (жергілікті журналистиканың ерекшелігі де осы, амал қайсы?). Десе де, көпшіліктің пікірінше, ол – еліміздегі ең бай әрі өте ықпалды бизнесмендердің бірі.
Оның отбасының (бұрынғы әйелдері мен балаларын есепке алғанда) бизнес мүдделері өте ауқымды. Ілінген дау-дамай тізімі де ұзын-сонар.
Қағаз бойынша ол – 7 ЖШС (жұмыс істемей тұрған «БН и Ко» компаниясын қоса алғанда) басшысы. Бұдан бөлек, 13 ЖШС-ның бұрынғы жетекшісі. Тағы түрлі сала бойынша қызмет атқаратын 12 ЖШС-ның құрылтайшысы және 27 ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы.
Shishkin_like редакциясы және оның редакторы Айгерім Мекишова оның негізгі қаржылық табыс әкелген бизнесін – оған тиесілі (немесе соңғы уақытқа дейін тиесілі болған, бірақ дереу басқалардың атына қайта жазылған) базарларды қарастырып көріпті (құжат жүзінде емес, қоғамдық пікір бойынша, Болат Назарбаевтың базар империясы болмашы ғана салық төлеп келген).
Іс жүзінде қандай да бір үкімет не әкімдік емес, аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі мен бағасын айқындайтын – Болат Назарбаев пен оның адамдары. Оның атында ең ірі базарлар бар немесе бұрын болған.
«Еуромонитор» сарапшыларының мәліметінше, еліміздегі сауданың 60 пайызы базарларға тиесілі.
Ә дегеннен көзге түсетіні – соңғы бірнеше айдың ішінде, «Жаңа Қазақстан» құру мәселесі көтерілген кезде, Болат Назарбаевтың базарларының «салықтық ар-ожданы» ояныпты. Бұрынғы жылдарға қарағанда, мемлекетке бірнеше есе көп салық төлей бастаған.
2010-2021 жылдары мемлекет бюджетіне 794,2 млн аударса, 2022 жылдың бірнеше айында 2,6 млрд теңге аударыпты. Бұл – осы жылы төленген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есепке алмағанда.
Shishkin_like алдағы уақытта ресми түрде Болат Назарбаевқа тиесілі базарларды жіпке тізіп көрсетіп бермек.
NEGE.KZ