Кедейлер барып, хоккей ойнамай ма? – Дәурен Абаев
Мәдениет министрі Дәурен Абаев былтыр «үңгірден шыққан ұлтшылдар» деп тіл жанашырларын шырылдатып еді.
⠀
Одан бөлек, жуырда ғана өзіне қаратып сұрақ қойған журналистке «а где понравилось больше – сверху или снизу?», деп дөрекілік танытқаны бар.
⠀
Енді Дәурен Абаевтың Түркістандағы жиыны ел аузында.
⠀
Желіде Абаев мырзаның аңдамай сөйлеп отырған тағы бір бейнежазбасы тарады. Ақсақалмен дауласқан ол «Кедейлер барып, хоккей ойнамай ма?», «Хоккей ойнайсыздар ма? Ақшасын төлейін» деп қисық сөйлеп қалды.
Әдеттегідей желідегі жұртшылыққа бұл ұнамады.
⠀
Еске сала кетейік, осы жиында телеарналардағы бассыздықты тоқтату туралы өтінішпен шыққан аналардың біріне «Ұнамаса, көрмей-ақ қой!» деп жауап берген министрдің сөзі көптің сынына ұшырап еді.