Самат НҰРТАЗА: Қырымның Украинада қалуын қалайтындар, Қарақалпақстанның Қазақстанға қосылуын жақтайды
✅Қарақалпақ АССР 1925 пен 1936 жылдар аралығында Қазақ ССР құрамында болды. 1936 жылы Кремльдың бұйрығы бойынша Қарақалпақ АССР Өзбекстан құрамына өтті.
✅Қырым 1917 мен 1954 жылдар арасында РСФСР құрамында болды. 1954 жылы Қырым Кремль бұйрығы бойынша Украинаға өтті.
✅ Қарақалпақстанда қазақ тілділер көп, қарақалпағы да, қазағы да. Өзбектен гөрі қарақалпақ пен қазақ бір-біріне жақын.
✅Қырымда орыстілділер көп. Украин тілі де, украиндар да аз болды. Жалпы орыс ұлты көбірек болды.
✅Ресей 2014 жылы Қырымды қайтарып алды.
Ең қызығы, біздің қоғамда Қырымның Украинада қалуын қалайтындар, Қарақалпақстанның Қазақстанға қосылуын жақтайды. Бұл дегеніміз бірдей мәселеге екі түрлі көзқарас екені айдан анық.
Суретте 1925 жылғы Қазақстан ССР территориясы.
Самат Нұртаза