Home›Жаңалықтар›Қазақтың санын азайтып көрсету кімге керек болды?
Қазақтың санын азайтып көрсету кімге керек болды?
2 Шілде, 2022, 14:28
0
«Ана тілі» газеттің бас редакторының орынбасары Берік Бейсенұлы Facebook парақшасында Қазақстандағы қазақтардың санына байланысты біршама қарама-қайшылықтар туралы айтты. .
Асқар Мамин кімді алдады? Қазақтың санын азайтып көрсетуге кім мүдделі болып отыр, деп сауал тастады журналист Берік Бейсенұлы. Және төмендегідей деректерді келтірді.
Бірінші дерек:
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрлік ұсынған құжатта жыл басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының саны 19 млн 122 мың адамды құраған. Оның басым бөлігі, яғни 69 пайыздан астамы қазақ ұлтының өкілдері.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі ең көп ұлт өкілі — қазақтар.
Қазақстанның халық саны 19 миллион 170 мыңға жуықтады. Бұл туралы үкімет жетекшісі Асқар Мамин мәлімдеді. Халықтың орташа жасы 31,94 болса, халықтың 33,97 пайызын 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер құрайды. 19,72 пайызы 14 пен 28 арасындағы жастардың үлесінде. Қазақстандықтардың 48,71 пайызы ерлер болса, 51,29 пайызы әйелдер. 1 қыркүйек пен 30 қазан арасында жүргізілген ұлттық санақтың алғашқы нәтижелерін жариялаған Маминнің дерегінше, Қазақстанда қазақтардың саны жалпы халық санының 70,18 пайызына жетті. Санақ нәтижесі бойынша еңбекке жарамды отандастарымыздың саны 11 млн 320 мыңнан асады. Бұл — Асқар Маминнің кезінде келтірген мәліметі.
Үшінші мәселе.
Асқар Мамин сонда кімді алдады? Қазақтың елдегі саны 70,18 пайыз ба, жоқ әлде 69,03 пайыз ба? Біз кімге сенеміз? Қай ақпаратқа? Қазақтың санын азайтып көрсетуге кім мүдделі болып отыр?»- деді Берік Бейсенұлы