Жақсы түйіндеме: Түйіндемені қалай жазу керек
Түйіндемені қалай құрастырсаңыз, мансабыңыз ғана емес, сонымен бірге бүкіл болашақ өміріңіз де тікелей осы құжатқа байланысты болады. Сайтымыз әрбір адам білуі тиіс жақсы резюме құрастырудың қағидаларын ұсынады.
Жұмысты қалай іздесеңіз де, таныс арқылы болсын немесе газеттер мен ғаламторды пайдалансаңыз да сізден міндетті түрде түйіндеме көрсетуді сұрайды. Қазір жақсы жазылған резюме болмаса, жұмыс іздеу нәтижесінің қуантарлық болмайтынын бәрі біледі.
Түйіндемеде не болу керек
Түйіндеме – ең тиімді жұмыс іздеу құралдарының бірі. Бұл әлеуетті жұмыс беруші үшін ең маңызды болып табылатын жұмыс іздеушінің қысқаша өмірбаяны, ең алдымен оның жұмыс тәжірибесі, дағдылары мен біліміне қатысты қысқаша сипаттама.
Орташа алғанда, резюмені оқуға 1-2 минут кетеді. Сондықтан жұмыс берушінің назарын бірден өзіңе аударып, оны қызықтырып, сұхбатқа шақыруына дейін жету өте маңызды. Резюмені құрастыратын кезде оның өзіңіздің визит карточкаңыз болатынын және жұмыс іздеп жүрген адамдардың ішінен сізді ерекшелеп тұруы тиіс құжат екенін ұмытпаңыз.
Түйіндеме құрылымы
Түйіндеме, әдетте, 1-2 беттен тұрады және келесі блоктарды қамтиды:
Байланыс деректері
– Жұмыс іздеушінің аты-жөні
– Мекен-жайы
– Телефон нөмірі (үй телефоны, ұялы телефон нөмірі, қала кодымен көрсетілген жұмыс телефоны. Жұмыс телефоны жұмыс орнында жеткілікті еркін сөйлесуге мүмкіндік болған жағдайда ғана көрсетіледі)
– Электронды пошта (егер сізде жеке электронды пошта болмаса, оны резюмеңізді жібермес бұрын ашқаныңыз жөн)
Мақсаты (міндетті емес, бірақ көрсеткеніңіз дұрыс)
Яғни, қандай лауазымда жұмыс қарастырып жүргеніңіздің қысқаша сипаттамасы және не себептен ол лауазымда істегіңіз келетіні жайлы 2-3 жол түсінік болу керек. Егер түйіндеме қандай да бір нақты бос орынға жіберілсе, онда мақсат ретінде бос орынның атауы немесе коды жазылады. Егер мақсаттыңыз бірнеше болса, түйіндеменің екі немесе үш нұсқасын жасаңыз. Дұрысы, резюменің әртүрлі аспектілеріне ортақ бірнеше нәрсе істеу керек.
Біліктілік. Жұмыс беруші үшін ең маңызды болып табылатын кәсіби дағдылар мен жақсы жақтарыңыз және жетістіктеріңіз туралы қысқаша ақпарат.
Хронологиялық тәртіп бойынша алдыңғы жұмыс тәжірибеңізді көрсетіңіз. Бірінші, соңғы жұмыс орны көрсетіледі. Бұл келесі сызба бойынша соңғы 10 жыл ішінде тәжірибені сипаттайтын түйіндеменің ең маңызды блогы:
– Компанияның атауы;
– Компания қызметінің бағыты;
– Жұмыс іздеушінің ол компанияда істеген уақыты;
– Лауазымы;
– Лауазымдық міндеттері;
– Кәсіби дағдылары мен жетістіктері.
Жетістіктеріңізді сипаттағанда дамыттым, үнемдедім, көбейттім немесе қысқарттым деген етістіктерді қолданыңыз.
Білімі. ЖОО-ның бітіргеніңізге көп уақыт өткен сайын, бұл тармақ түйіндемеде неғұрлым аз орын алуы керек. Ал түлектер мен студенттер білімі туралы жұмыс орны деген тармаққа жазады. Себебі, оқуды жаңа бітірген жұмыс іздеушіде жұмыс тәжірибесі болса, ол аса маңызды емес.
Марапаттарыңыз туралы да жазуға болады және мақсатыңызға сәйкес келетін пәндерді оқығаныңызды да көрсетіңіз.
Сонымен қатар, қосымша білім: курстар мен семинарлар, тренингтер мен тәжірибелерден өткен болсаңыз, оны да көрсетіңіз.
Қосымша ақпарат: шет тілі мен компьютерге машықтығыңыз, жүргізуші куәлігі, кәсіби ұйымдардың мүшелігі және т.б. дағдыларыңыз туралы жазыңыз. Ал хобби жұмысыңызбен тығыз байланысты болған жағдайда ғана көрсетілуі керек.
Ұсыныс, мінездеме. Мүмкіндігінше ұсыныстар беру мүмкіндігін көрсетіңіз.
Түйіндемеде не туралы жазуға болмайды
– Осы уақытқа дейін қанша жерлерде жұмыс істегеніңіздің бәрін түйіндемеде көрсетуге болмайды. Шын мәнінде, әлеуетті жұмыс берушіні тек соңғы істеген 3-5 жұмыс орны ғана қызықтырады.
– Физикалық дерек және денсаулығыңызға қатысты сипаттама.
– Әлсіз тұстарыңыз.
– Жұмыстан кету себебіңіз.
– Ұсыныс хаттары немесе сізді сипаттап, ұсынатын адамдардың аты-жөні. (Бірақ, сіз туралы жағымды пікір бере алатын адамдардың есімін бөлек дайындап қойыңыз. Себебі, сұхбат кезінде керек болуы мүмкін).
Түйіндеме қандай болу керек
Түйіндеме құрастырған кезде келесі қағидаттарды ескеру керек:
Құрылымдық. Түйіндемедегі барлық ақпарат белгілі бір ретпен баяндалуы керек және таңдалған пішінге сәйкес келуі тиіс.
Таңдаушылық. Түйіндемені жазатын кезде ең алдымен, оның мақсатын анықтаңыз, яғни қандай жұмысқа орналасқыңыз келетінін анықтап алыңыз. Өзіңіздің кәсіби тәжірибеңізді талдаңыз және мақсатыңызға дәл сәйкес келетінін таңдаңыз. Себебі, таңдамалы көзқарас түйіндемені қажетсіз, керек емес ақпараттан қорғайды.
Объективтілік. Тәжірибеңіз бен дағдыларыңызды сипаттағанда шынайы және объективті болыңыз. Себебі, сіз түйіндемеде көрсетілген барлық нәрсені дәлелдеуге дайын болуыңыз керек.
Ықшамдылық. Түйіндеменің көлемі екі беттен аспауы тиіс, сондықтан жұмыс беруші үшін маңызды мәселелерге ерекше көңіл аударып, ақпаратты қысқаша баяндау керек.
Нақтылық. Тұжырымды таңдауда өте нақты болуы керек.
Нені жазуға болмайды
– Оқумен айналысқаныңызды;
– Қателерді азайтуға көмектескеніңізді;
– Жаңа білімімді тез меңгеретіндігіңізді.
Не деп жазу керек
Мысалы,
– Екі жаңа қызметкерді үйреттім;
– Қателерді 15% -ға азайта отырып, компанияның шығынын 40,000 долларға үнемдедім;
– Жаңа рәсімдерді рекордтық қысқа уақыт ішінде, 2 аптада үйреніп алдым.
Белсенділік. Пассивті формалардан аулақ болыңыз. Етістіктерді пайдалана отырып, қол жеткізген нәтижелеріңізді көрсетіңіз.
Сондай-ақ, орындалуына жауапты болдым, келесі мүмкіндіктер арқылы қолданыс таптым немесе тағы басқалар үшін жауапты болдым деген сөздерді жазуға болмайды.
Ал, түйіндемеде орындадым, тиімді қолдандым, жауап бердім деген етістіктер болса, жұмыс беруші сөзсіз қызығушылық танытуы мүмкін.
Позитивтілік. Сонымен бірге, түйіндемеге шағымдарды бітістірдім, сату үлесінің төмендеуіне жол бермедім, мына лауазымға ауыстым деген сөздерді де жазуға болмайды.
Оның орнына, клиенттерге көмектестім, нарықтағы өнімнің әлеуетін арттырдым, лауазымым көтерілді деп жазу керек.
Жетістіктерге көңіл аударыңыз. Өз жетістігіңе назар аудару керек. Түйіндемеде жетістік туралы жазатын болсаңыз, онда үш жыл жұмыс істедім, қосымша жұмыстарды атқардым деген сөздерді жазбаңыз. Дұрысы, лауазымымды көтерді, әрқашан жұмысымды уақытында орындадым деп жазу керек.
Сондай-ақ, түйіндеме жазғанда «мен» деген есімдіктікті қолданудан аулақ болыңыз.
Түйіндемені жазып болсаңыз қорытындылай отырып, төмендегі элементтер бойынша түйіндемені тексеріп шығыңыз:
– Түйіндеме жазылған тілде еркін сөйлейтін адамнан оны тексеріп беруін сұраңыз.
– Істеп жатқан жұмысыңызды сипаттағанда етістіктерді осы шақта қолданыңыз. Мысалы, жұмыс істеп жатырмын, жобалаудамын.
– Тиісінше, бұрынғы жұмыс орныңызды сипаттағанда, өткен шақтағы етістіктерді қолданыңыз.
– Бірізді болыңыз: егер біз сөзді қысқартып жазсаңыз, оны барлық жерде солай қолданыңыз. Бірақ барлық атауды толығымен жазған дұрыс.
– Ұзын сөз тіркестерін және күрделі сөздерді жазудан аулақ болыңыз.
– Қажетті тақырыптарды нақтылап көрсетіңіз.
– Түйіндеменің бір стильде жазылуын қадағалаңыз.
– Ыңғайлы оқылатын форматты таңдаңыз (жолақтар үлкен, ал қаріп не кішкентай, не үлкен болмауы керек. Сондай-ақ, жолдар арасында жеткілікті интервал болған жөн).
– Түйіндемені баспа шығаратын болсаңыз сапалы ақ қағазды пайдаланыңыз.
– Түйіндеменің бір немесе екі бет болғаны маңызды.
– Сонымен қатар, түйіндемеде жазылған барлық ақпаратты растай алатыныңызға көз жеткізіңіз.