«Мен туып-өскен туған Қазақстаныма міндетті түрде келемін» — Кеосаян

0

Қазақстан туралы кесапатты сөз айтқан Кеосаян бәрін әзілге бұрып, белгілі бір мемлекетке тіл тигізген ауыр сөздерінен жеңіл құтылып кетпекші, деп хабайлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян «кеңестік» Қазақстанға келуге уәде берді.

– Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Бұл күлкілі, жай ғана күлкілі. Мүмкін мен олардың үрейлеріне тиген шығармын. Демек, мен журналистің жұмысын дұрыс орындадым. Мен міндетті түрде Қазақстанға келемін. Қазақстан билігінен рұқсат сұрамаймын. Мен туып-өскен туған Қазақстаныма, менің кеңестік Қазақстаныма міндетті түрде келемін, – деді Кеосаян.

Еске салайық, 24 маусым күні отандық БАҚ Кеосаянның лаңкестермен бір тізімге енгізілгенін хабарлаған болатын. Бұған дейін Кеосаян телебағдарламалардың бірінде Қазақстанға тіл тигізіп, ашық сөйлеген еді. Бір қызығы, ол «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симонянның күйеуі.