Сағат Ерғали | өмірбаяны

0

Сағат Ерғали 1949 жылы Жамбыл облысы Талас ауданындағы Ойық ауылында дүниеге келген.
 

 

1975 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Осы жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жолдамасымен «Лениншіл жас» (Жас алаш) газетіне жұмысқа тұрды. Осында әдеби қызметкерден бастап бас редактордың бірінші орынбасары қызметінде 18 жыл жұмыс жасады. 1992–2005 жж. «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы болды. 2008 жылдың қаңтарынан «Парасат» (Мәдениет және тұрмыс) журналының Бас редакторы.
 

 

1983 жылы «Жалын» баспасынан «Даладағы ұлы із» атты деректі повесі жарық көрді. Осы еңбегі үшін республикалық Баубек Бұлқышев атындағы сыйлыққа, 1988 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Ғимараттар биіктеп барады» публицистикалық кітабы үшін Журналистер одағының сыйлығына ие болды. Бұдан кейін «Келелі келешек», «Дін биігіндегі ел», «Ай нұрын төккен қала» деректі публицистикалық және «Өмір-өсиет», «Ғасырдың бір жылы» атты көркем прозалық кітаптары оқырмандар қолына тиді.
 

 

Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Әр жылдарда «Әскери үздік қызметі үшін» (1970), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1981), «Астана», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Бірнеше Құрмет грамоталарына ие.