Шығыс Қазақстанда өрт салдарынан екі сәби көз жұмды
Жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан 2015 және 2017 жылдары туған екі бала қаза тапты
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Қайғылы оқиға сәрсенбі 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Каменка ауылында болған.
Өрт туралы хабар 13:15 түсті, жеке тұрғын үй өртенген, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өрт салдарынан екі бала қаза тапқан: біреуі үш жаста, екіншісі бірде.
Бастапқы деректерге сүйенсек, өртену аумағы 100 шаршы метрді құрапты.
Ең жақын өрт сөндіру бөлімі ауылдан 40 шақырым жерде болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан төрт адам мен бір техника қатысты.
Иесін өртенген үйде бір ай бойы күткен ит жұрттың жүрегін елжіретті
Өрт 15:05-те ауыздықталған.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/