Биыл «Бәйтеректі» 600 мыңнан аса турист тамашалады — Ел жаңалықтары

0

«Бәйтерек» ғимаратында қыс мезгілінде 54 417 турист болып қайтты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Қаңтар-қараша айларында «Бәйтерекке» 627 532 адам келді. Ал осы қыста мұнда 54 417 турист, көктемде 89444, жазда 2785959, ал күзде 204 712 турист болды», — деп мәлімдеді «Бәйтерек» монументінің баспасөз қызметінде.

Елорданың басты көрнекті ғимараты — «Бәйтерек» монументі 2002 жылы орнатылды. Ғимараттың биіктігі 100, шар құрылыммен есептегенде, 105метрді құрайды. Шардың диаметрі — 22 метр.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz