SKIJ Kazakhstan: «Шымбұлақ» тау курортында жазғы маусым қыза түсуде

0

SKIJ Kazakhstan-ның 20 журналисті «Шымбұлақ» ТК-ның жазғы белсенділіктері туралы баспасөз конференциясына және экскурсияға қатысты.

Өткен жексенбіде, 2022 жылдың 19 маусымында «Шымбұлақ» тау курортында экскурсия және баспасөз конференциясы өтті, онда SKIJ Kazakhstan халықаралық клубының жиырма журналистіне курорттың жазғы мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Шымбұлақ тек қана қысқы спорт түрлері үшін арналған  деген стереотиптерге қарамастан, шын мәнінде, тау шаңғысы мен сноубордтан басқа курорт қонақтарға жазғы кезеңде де көптеген ойын-сауық ұсынады. Мысалы: байк-парк, жаңа арқан саябағы, жаяу серуендеу жолдары, атпен серуендеу, парапланмен ұшу, квадроциклмен сапарлар, Gorilla Zipline, балалар үшін Kids lab жұмыс жасайды, сондай-ақ маусым айының басында балаларға арналған El Kiddo Шымбұлақ тау лагері ашылды, онда балалар демалыстарын белсенді, көңілді және пайдалы өткізе алады. Осы себепті, Shymbulak Mountain Resort өзін тау шаңғысы курорты ретінде емес, көп профильді форматтағы тау курорты ретінде көрсетеді.

Шынында да, бүгінгі таңда шаңғы — бұл адамдардың курортқа келу себебінің азғантай ғана бөлігі. Көбіне адамдар таңертеңнен кешке дейін шаңғымен сырғанау үшін емес, тау жоталарындағы атмосфера үшін келеді. Олар жаңа нәрселерді көргісі келеді,сонымен қазіргі таңда адамдарда тауға шығуға қызығушылықтары арта түсуде.

Статистикаға сүйенсек, 2021-2022 жылдардағы тау шаңғысы маусымында қысқы спорт әуесқойларының үлесі 44%-ды құраса, таулардың емдік қуатымен қуатталғысы келетін келушілердің үлесі 56%-ды пайызды құраған.

Сонымен, жексенбінің шуақты күні Шымбұлақ тау курортының қызметкерлері SKIJ Kazakhstan халықаралық клубының жиырма журналистіне экскурсия ұйымдастырды. Олар үшін бай бағдарлама дайындалды: Gorilla Zipline аттракционынан түсу, арқан саябағының барлық күрделілік деңгейінен өту және денсаулық жолымен серуендеу. Содан кейін журналистер жазғы уақыттағы барлық іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі презентациямен баспасөз конференциясына қатысты.

International Ski Club of Journalists – беделді халықаралық шаңғышылар журналистер клубы 1951 жылы құрылған және қазіргі уақытта 42 елдің журналистерін біріктіреді. Клубты Куршевельден келген журналист және шаңғышы Джилл де ла Рок құрды, ол қырғи қабақ соғыстың ортасында: мемлекеттік мүдделер қақтығысынан тыс, кәсіби бірлік пен спорттық рух негізінде Батыс пен Шығыс журналистерінің байланысын және қарым-қатынасын кеңейтуге жәрдемдесу осы спорттық бірлестік идеясын ұсынды.

Қазақстандық SCIJ клубы 2012 жылы құрылды және 2013 жылы SCI халықаралық ұйымына ресми қабылданды.  SCIJ халықаралық клубының міндетті ережелерінің бірі тау шаңғысы спорты мен салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.