15 жастағы жасөспірім атасын өлтірді деген күдікке ілінді

0

Забайкальский өлкесінде 15 жастағы жасөспірім кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.    

Күні кеше Акша ауылында 68 жастағы азаматтың денесі табылды.

Оқиға орнына тексеру жүргізген құқық қорғау органдарының қызметкерлері 68 жастағы ер адамның оқ тиіп, қаза тапқанын анықтады. Күдікті ретінде кәмелет жасына толмаған туған немересін ұстады. Тергеу кезінде жасөспірім өз кінәсін мойындаған. Оны екі тәулікке қамауға алды.

Қазір полицейлер оқ атуға не түркі болғанын анықтап жатыр.