Бекболат Қаржан: «Путиннің төбесіне шоқпармен ұрғандай тиді»
Президент Қазақстанның суверенитетін анық көрсетті!
Сырттай жанамалап келіп, Осетия, Обхазия, басқасын айналып келіп, Донецк пен Луганскінің дербестігін мойындамаймыз деп сырттан емес, Путиннің нақ өзіне айтқаны «Кемелжамелович» деп отырған қортықтың төбесіне шоқпармен ұрғандай тиді.
Путиннің түрі бұзылып, үнсіз қалды. Тәуелсіз ел ретінде дербес пікірі мен позициясы бар Қазақстанды бүгін сезінгендей болдым.
Енді Ресейдің тарапынан арандатушы күштер ертеңнен бастап бөрінің көтіндей шулайды.
Бүгін ақпараттық майданға дайындықтарын жасап та үлгерді. Соловьев, Симоняндар ертеңнен бастап ресейлік медиакеңістікті шулатады.
Оларға еретін қаншама күштер мен саяси топтар іліп алып, көкпарлатады. Бұл белгілі дүние.
Мені ойландыратыны, өзіміздің ішіміздегі орысқұл топтар мен ресесйшіл күштердің әрекеті. Бұлардың әрекеттеріне барынша сақ болу керек. Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін жағдайлардың бәрінің алдын алу керек.
Президент бүгін осы уақытқа дейін шулап келген реселік саясаткерсымақтарға бір ауыз сөзбен нақты жауап берді. Мұның өзі де жетістік. Барды бар деп айту керек.
Біздің алдымызда Еуразиялық экономикалық одақ, ОДКБ, сияқты басқа да ауыр саяси проблемалары бар жол тұр. Олардан шығудың да реті келер.
Бекболат Қаржан