Боқаевтың съезі «той деңгейіне» әрең жетті

0

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев биыл ақпан айында «Намыс» аталатын партия құрған-ды. Белсенді Боқаев съезд өткізіп, адамдарды жинап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz порталы.

Бұл туралы @janjalnewskz телеграмм каналы жазды.

Белгілі болғандай, Боқаевтың съезіне 250-ге жуық адам қатысқан. Оның 100-і еріктілер болып шықты.

«Санжарға келген адамдардың саны той деңгейіне «әрең» жетті, сан жағынан, тіпті, мыңдаған адам оңай жиналатын ауыл әкімдерінің әдеттегі сайлауындағы көрсеткіштерге де жете алмады», — деп жазды канал.

Боқаев партия құрған кезде оның партиясы цифрлық саяси партия екенін, оның қозғаушы күші заманауи және озық жастар болатынын айтқан.

«Партияның басты құндылығы – адам. Миссиясы – халық мемлекетін құру. Мақсат – әділеттілік орнайтын, адал да әдепті адамдар басқаратын мүлде жаңа Қазақстан», — деген еді Боқаев ақпан айында өткізген баспасөз мәслихатында.