Заңнамадан Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілік жүктейтін норма алынып тасталады

0

Алайда Қылмыстық кодексте президентке тиіспеушілік туралы бап қалады, деп хабарлайды kznews.kz сайты inbusiness порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда заңнамадан елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілік туралы жеке норма алынып тасталады, Қылмыстық кодексте Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық туралы жалпы бап қалады. Сенат кулуарында бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин айтты.

Министрдің айтуынша, Конституциядан Елбасы сөзінің мүлде алынып тасталған.

«Конституцияның 46-бабы жалпы нормаға келтіріледі, онда президенттің ар — намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, кез-келген президенттей…», — деді Мусин Сенат аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол ұлт көшбасшысын қорлау туралы жеке бап жойылатынын растады.

«Ел президентін қорлау туралы басқа бап бар, ол қалады, ал Елбасы туралы бөлек бап болмайды. Қылмыстық кодексте Президенттің ар — намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін жауапкершілікті көздейтін жалпы бап қалады, бөлек болмайды», — деп нақтылады министр.

Сондай-ақ, Әділет министрлігінің басшысы Назарбаев жауапқа тартылуы мүмкін бе деген сұраққа түсініктеме берді.

«Конституция бойынша Қазақстан президенті тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана емес, басқа қылмыстар үшін де жауапқа тартылады», — деп жауап берген Мусин Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалмайтынын айтты.