Home›Жаңалықтар›“Кішкентай қызын орап қоятын әкелерде қыз көрсе қоза беретін педофилия гармоны басым” — Сәуле Әбілдаханқызы
“Кішкентай қызын орап қоятын әкелерде қыз көрсе қоза беретін педофилия гармоны басым” — Сәуле Әбілдаханқызы
14 Маусым, 2022, 15:53
0
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы орамал туралы сөз қозғады.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Неге біз тек «крайностьты» — ең шеткі шешімдерді ғана білеміз? Неге «не орамал, не жалаңаштану» деп түсінеміз? «Алтын орта» деген түсінік неге жоқ?
Мектеп оқушыларына арнап бекітілген ортақ заң, біркелкі мектеп формасы деген жаман ба???
Алаланып-құлаланып, қырық сідікке бөлініп біткен жоқпыз ба? Мемлекет болашағына зиянды, қауіпті мәселеде «өз құқығы» деген түсінік жүрмеу керек. Өз құқығың — өз үйіңде. Ал қоғамдық, мемлекеттік орындарда — қоғамға зиянсыз, мемлекет болашағына зиянсыз, Тәуелсіздігімізге қауіп төндірмейтін ортақ құқық, ортақ ереже, ортақ заңдар орындалуы тиіс. Дін мәселесі жай ғана Құдай, Құран, намаз, орамал емес екенін қаңтар көрсеткен жоқ па? Дін деген — жат пиғылдағы төңкерісшілердің басты идеологиялық қаруына айналған жоқ па??? Тәуелсіздігіңнен айырылып, мәсі мұрт, не қабасақалдардың бірі таққа отыра жаздаған жоқ па???
Кіп-кішкентай қызын мәжбүрлеп орап қоятын әкелердің өздерінде саналы түрде яки түпсанасында кішкентай қыз көрсе қоза беретін педофилиялық гармон басым болғаны ғой…
«Орамал — это цветочки…» боп жүрмесе болғаны… Ауғанстанға бір қадам жақындау деген сөз ғой… Қамалды аларда қатты тіреумен жабылып тұрған қақпаны соға-соға, босатып алмаушы ма еді? Сәл сөгіліп, босаған қақпаны ашып кіру де, бұзып кіру де оңай. Сенген Асхат Аймағамбетоовым жауға қақпаны ашып бергендей күйде отырмын…
Жалпы, біздің қауашағымыздың ішіндегі зат ми емес-ау», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.