“ҚазМұнайГаз” басшысы «СИБУР» компаниясының өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысты
10 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев бастаған делегация Тобольск қаласында орналасқан Ресейдің және әлемнің ірі мұнай-химия кешендерінің бірі – «ЗапСибНефтехим» ЖШҚ («СИБУР Холдинг» тобының мұнай-химия комбинатына) барып, жұмысымен танысты деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сапар барысында жиынтық қуаты жылына 2,5 млн тонна болатын базалық полимер (1,5 млн тонна полиэтилен және 1 млн тонна полипропилен) шығаруға мүмкіндік беретін «ЗапСибНефтехим» ЖШҚ жаңа өндірістерітанысты. ҚМГ делегациясы пиролиз, полиэтилен, полипропилен қондырғыларын, сондай-ақ орталық оператор залын аралап, кешенде қолданылатын цифрлы технологияларды да көрді. .
Одан бөлек, мономер өндірісін, соның ішінде малеин ангидридін өндіретін қондырғыны, пропанды дегидрлеу өндірісін, жеңіл көмірсутектердің кең фракциясын қайта өңдеу өндірісін және мономер зауыты өндірістерінің бірыңғай оператор залын көріп шықты.
ҚМГ делегациясы «СИБУРИНТЕХ» инженерлік-техникалық сараптаманы дамыту орталығының жұмысымен де танысты.
Сапар соңында ҚМГ, СИБУР және Sinopecбасшылары жұмыс бабындағы кездесу (бейне байланысы арқылы) өткізді. Жиын барысында компаниялар арасындағы алдағы ынтымақтастық мәселелері және мұнай-газ химия жобаларын бірлесіп жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.
Айта кетейік, СИБУР — Ресейдің полипропилен, төмен қысымды полиэтилен, БОПП үлдірлер, ПЭТФ, моноэтиленгликоль, көбіктенгіш полистирол, термоэластопласт өндіріп шығаратын ең ірі компания. Полиолефин (пластик) өндіретін алып бес мекеменің бірі.
Еске салайық, 2021 жылдың 7 қазанында «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚМГ және СИБУР арасында полиэтилен өндіретін зауыт пен полипропилен өндіретін зауытты салу жобалары жөніндегі ынтымақтастықтың негізгі шарттары бойынша келісімге қол қойған.