«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды
ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың қаулысына сәйкес 2018 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 10 номинация бойынша жеңімпаздары анықталды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мыналарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы берілсін:
«Эстрада» номинациясы бойынша
Рахым Қуандық Нұрғазыұлы – қазақстандық эстрада әншісі;
Садырбаев Ернар Бексұлтанұлы – қазақстандық эстрада әншісі;
«Классикалық музыка» номинациясы бойынша
Жармағамбетов Расул Қайратұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі;
Солтыханова Роза Алтынбекқызы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы;
«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша
Байтуов Біржан Қаниұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының республикалық айтыс орталығының жетекшісі;
Тілепбергенов Абылай Жанболатұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы;
«Әдебиет» номинациясы бойынша
Арықбаев Бағашар Тұрсынбайұлы – журналист, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі;
Қарт Мерей Мейіртайұлы – Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Абай атындағы театр» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдебиет бөлімінің меңгерушісі;
«Театр және кино» номинациясы бойынша
Бекболатова Әйгерiм Серікқанқызы – «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртісі;
Молдағали Фархат Ерланұлы –»Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Сәбит Мұқанов атындағы Мемлекеттік қазақ музыка-драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көркемдік жетекшісі;
«Спорт» номинациясы бойынша
Әбдраш Аян Әлжаппарұлы – WTF таэквондодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2017 жылғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы;
Ералиев Қайрат Құттыбайұлы – бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионы (Германия, Гамбург 2017), бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері (Алматы, 2013), бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері (Тайланд, 2015);
«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша
Жетпісәлиев Бауыржан Мұратұлы – Қазақстан жас суретшілер одағының мүшесі, Шымкент қаласы білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының мұғалімі;
Үсенбаев Дулат Болатұлы – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан жас суретшілер одағының мүшесі;
«Журналистика» номинациясы бойынша
Беркінбаев Олжас Уәлиханұлы – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы «Хабар 24» телеарнасының «Анығын айтқанда» ақпараттық-талдау бағдарламасының авторы және жүргізушісі;
Тойболова Салтанат Хайроллақызы – «Айғақ» телерадиокомпаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы;
«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша
Әлімқұлов Бекжан Мұхидинұлы – «Ару-Тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің мүшесі;
Жетпісбаев Нұржан Арғынұлы – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы;
«Ғылым» номинациясы бойынша
Ақышев Жігер Дастанұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының генетика және микроорганизмдер биохимиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері;
Хасенов Мүслім Қанатұлы – «Құқықтану» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының азаматтық және экологиялық құқық кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 2018 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 600 000 (алты жүз мың) теңге сомасында белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Дереккөз: https://massaget.kz/