38 жастағы Надежда Липина биыл 23 мамырда жеке куәлігін ауыстыру үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген. Өйткені құжатының мерзімі аяқталған. Кейін 2012 жылдан бастап мәліметтер базасында әйел «қайтыс болды» деген есепте тұрғаны белгілі болған.
«Шошып кеттім. Осы жылдар ішінде ресми жұмыс істедім. Несие алдым, 2018 жылы босандым, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы алдым. Маған АХАЖ тіркеу кітабында менің «өлімім» туралы жазба бары айтылды. Бұл қалай болуы мүмкін? Түсінбеймін», — деді Надежда Липина.
ХҚКО өкілі әйелге жағдайды түзетуге уәде берген.
«23 мамырдан бастап олардан жауап күттім. Бүгін олар маған қоңырау шалып, қате өзгертілгенін, жеке куәлікті ауыстыруға бара алатынымды айтты. Дүйсенбіде барамын, өйткені бүгін жұмыстамын», — деді Надежда Липина.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі болған жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Азаматша Липина жүгінген кезде, бұрын берілген куәлік 2012 жылы «азаматтың қайтыс болуына байланысты» деген қате себеппен жойылғаны анықталды.
9 маусымдағы жағдай бойынша, деректер базасына түзету енгізілді, — деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі өкілі.
Сондай-ақ, ведомство өкілі әйел мерзімі өткен құжат үшін айыппұл төлемейтінін атап өтті.