Назарбаев пен оның отбасына ешқандай тергеу жүргізіліп жатқан жоқ
Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қатысты ешқандай іс тергелмейді, деп жазады kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы мәжіліс отырысында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков мәлім етті.
«Менің білуімше, бірінші президент пен оның отбасына қатысты тергеу жүргізілмейтін сияқты», – деді ҚMА төрағасының орынбасары Садырбеков.
Сондай-ақ ол жыл басынан бері елімізде 220 миллиард теңгені құрайтын 113-ке жуық күдікті қаржылық транзакцияның тоқтатылғанын айтты.