Мерей Заманбекқызы: Мен сені бәрінен де жақсы көрем, ана

0
Мерей Заманбекқызы анасына алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Қызы халық алдында анасына деген ықыласын көрсетті.  Бұл аяулы сәт көптің жүрегін елжіретті.

“Анашым, мен сені өте қатты сүйемін. Сен менің ең жақынымсың. Әрқашан мені қолдап келдің. Маған ақылыңды айтып келдің. Менің жанымда болғаның үшін, қолдағаның үшін алғыс айтамын. Сендей анам барына ризамын. Сені жақсы көремін”, – дейді Мерей.

Бұған дейін Мерей мен Мақпал Жүнісованың арасындағы отбасылық мәселе көпшілікке мәлім болды.

Қызым менен кетті деген халық әртісі кейіннен халық алдында мән-жайды түсіндірді. Мерейдің туған қызы емес екенін ашық айтып, алайда қазір бірге екенін мәлім етті.

Желі қолданушылары мен өнер өкілдері Мерей мен анасына қолдау көрсетті.

“Құдай жаным, ақылыңнан! Бақытты бол, балапан! Сенің ешкімнің алдында да кінәң жоқ. Кешірім сұрайтындай. Анаңмен де бірге тату бол, бауырларыңмен де жақсы бол. Олар мамаңа да бөтен емес туған бауырлары ғой. Жалғыздық тек құдайға жарасқан. Сені біз Зәкеңнің көзі деп жақсы көрдік, солай қаласың да. Өмірінің соңында жанына жұбаныш пен алданыш болып келдің. Анаң да барынша аялап өсірді. Көрерменнен кешірім сұрайтындай ештеңе істеген жоқсың. Керісінше, өсекке құмар біздер сенен кешірім сұрауымыз керек. Жеке өміріңе кіріскеніміз үшін. Алла жар болсын!!!”, “Мерей әкесіне ұқсаған ақылды, саналы қыз. Мамасы да керемет, кең пейілді жан. Қазақтың ерке қызы”, “Тіл- көзден сақтасын, бәрі жақсы болсын”, “Ерекше, қыз Мерей! Алла тағаланың разылығымен берген. Жауапкершілігі жоғары. Бақытты бол”, – деп жазды желідегілер.